Жәнібек Әлімханұлы америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді – Бокс

82

25 жастағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста бесінші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы 28 жастағы америкалық Стивен Мартинес болды. Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатында Фриско қаласында өтті. Кездесу бесінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.

Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсірді, сондай-ақ үшінші раундта төреші америкалыққа нокдаун санаған еді.

Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан тұңғыш қазақ. Әуесқой бокста ол Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz