“Жүрісі ұнамайтын”. Оралда командирін атып өлтірген полицейдің соты басталды – Қылмыс

Оралда мамандандырылған күзет қызметінің бұрынғы қызметкері Серік Гарифовқа қатысты сот процесі басталды. Оған өзінің бастығы, взвод командирі, Чапаев АІІБ күзеткен Рүстем Рақышевті өлтірді деген айып тағылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Сотталушының адвокаты Шолпан Шунаева сотқа өтініш білдірді. Ол сот-медициналық сараптама қорытындысын, яғни адам өлтіру әрекеті аффект жағдайында болғанын ескеруді назарға алуды өтінді. 

Алайда жәбірленуші тараптан Айгүл Ұрынбекова мұның сотталушының жауапкершіліктен қашу әрекеті екенін айтады. Ол соттан істі БҚО прокуратурасына жіберуді сұрап, істі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша жүргізуді өтінген. 

“Бұл тұлғаға қатысты қылмыс емес. Сотталушы қызметтік әрекеттін орындап жүрген адамға қатысты қылмыстық шара қолданды. Көптеген адамның көзінше. Гариф өзінің жауаптарында бұл қадамға ашу мен кек алу мақсатында барғанын айтқан. Оған “аю секілді жүретін” Рақышевтың жүрісі ұнамаған. Сотталушы өзімен бірге пышақ алып жүретін болған, ол сонымен командирін өлтірмекші болған. Рақышевтың тарапынан ешқандай намысына тию және қорлау әрекеттері анықталған жоқ”, – деді адвокат Ұрынбекова. 


© Tengrinews.kz

Қайтыс болған адамның әкесі Серік Гарифтің аффект жағдайында әрекет етті деген сараптама нәтижесіне қарсылық білдірді. Ол соттан ең қатаң жаза қолдануын сұрады. “Біз соттан ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы екінші бөлігін қолдануын сұраймыз. Бес ай өтті, айыпталушының тарапынан ешкім келіп кешірім сұраған жоқ. Оның өмір бойына бас бостандығын айыруды сұраймыз. Бейбіт заманда балаларды өлтіру. Мұны істеп отырған полицей”, – деді Жасқайрат Рақышев. 


© Tengrinews.kz

Қасымов БҚО-да командирін атып өлтірген полицейге қатысты пікір білдірді

Еске сала кетейік, мұның алдында БҚО-да полицейдің взвод командирін атып өлтіргені хабарланған болатын. Облыстық ІІД өкілдерінің хабарына қарағанда, ІІБ территриясында ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының полиция сержанты (1994 жылғы) табель қаруымен ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының взвод командирін (1986 жылғы) атып өлтірген. Ол алған жарақатынан қаза тапты.  

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz