
Алматыда «Ұлттық аударма бюросының» ұйымдастыруымен «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты әлемдік аудармашылар кездесу өтті.
Аталмыш жоба тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті, музыскасы мен бейнелеу өнерін, хореография, кино және театр саласындағы жетістіктерді әлемге қазақ прозасы мен позэзия жинақтарын 6 тілге аудару қолға алынды.
Осы жұмысқа қатысып жатқан Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей және Қытай аудармашылары мен әдебиетшілері, аударма және баспа ұйымдарының өкілдері шығармалары қазіргі қазақ әдебиеті антологиясына енген авторлармен кездесу үшін Қазақстанға арнайы сапармен келді.
Биылғы жылға аударманың көркемдік сапасын арттыруға бағытталған бірқатар арнаулы шаралар жоспарланған. Жиында Ұлыбритания, Испания, Ресей, Франция және Қытайдан келген аудармашылар мен әріптес ұйымдардың өкілдері жұмыс барысы жайлы баяндамалар жасап, авторлармен пікірлесті.
Қазіргі қазақ әдебиеті антологиясын испан тілінде сөйлетуге Испани мәдениет министрлігі қолдау көрсетіп, әйгілі «Сервантес инсититуты» кеңесші ретінде қатысады. Жобаға Еуразия және Орталық Азия елдері әдебиетін аударуға маманданған тәжірибесі мол аудармашылар тартылған.
Антологияның француз тіліндегі нұсқасын дайындауға Париж қаласының мэриясы және Франция ұлттық кітап орталығы қатысса, орыс тілінде мәтін аудармасы мен әдеби редакциясы жұмысын үйлестіруге Ресей жазушылар одағының мәскеулік ұйымы, ал жинақты басып шығару мен таратуға М.Ломносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің баспасы атсалысады.
Қазақ әдебиетінің жинақтарын қытай тіліне аудару, басып шығару және таратумен Қытай Халық Республикасының «Ұлттар баспасы» айналысады.
Бұған дейін хабарланғандай, қазақ әдебиеті жинақтарын ағылшын тіліне аудару, басып шығару және тарату жұмысы Кембридж университеті баспасының қатысуымен іске асуда. Танымал университет баспасы жобаға тәжірибелі аудармашылар мен беделді әдебиетші мамандарды тартқан. Британдық әріптестер «мәдени индукция» тәжірибесін қолдануды ұсынды. Ол аудармашылар мен редакторлардың түпнұсқа мәтін (елдің) мәдениеті мен оның мазмұнына терең үңіліуіне жол ашады Осы сапар барысында антология жобасына қатысушы шетелдік мамандар қазақстандық аудармаға байланысты туындаған сұрақтарын талқылап қоймай, Қазақстан мәдениеті, тарихы және қазіргі тыныс-тіршілігімен жақын танысады.
Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ