
14 қаңтарда сағат 09.30-да шетелдік аудармашылар мен баспа ұйымдары өкілдерінің шығармалары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылатын қазіргі қазақ әдебиеті антологиясына енген қазақстандық авторлармен кездесуі өтеді.
Басқосуға қазақстандық авторлар мен олардың Ұлыбритания, Испания, Қытай, Ресей және Франциядан келген аудармашылары мен баспагерлері қатысады.
Сондай-ақ, жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағы мен «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының басшылығы болады.
Өтетін орны: Астана қаласы, Hilton Garden Inn қонақ үйі (Garden залы), Қабанбай батыр, 15