Жаңаөзенде атыс болды (видео)

Оқыс оқиға видеосы желіде пайда болды. Онда екі жігіт жол талғамайтын көлікке қарай жүгіреді. Сол кезде айқай-шу басталып, артынан атылған оқтың дыбысы естіледі. 

Бір орнында тұрған көлік бір уақытта ытқып қаша жөнеледі. Видеоны түсіруші қыз жердің қан болғанын айтады.

Lada.kz хабарлағандай Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта видеодағы адамда мен көлікті іздеу бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. 102 нөміріне қоңырау түскен жоқ. Жаңаөзен қалалық ауруханасына да жараланғандар түспеген. Кейінірек полиция көліктің кімге тиесілі екенін анықтағандарын айтты.