
29 наурызда Жаңаөзенде Argo автомобилі жанып кетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға таңғы сағат 09:25-те мұнай-газ өндіру басқармасына (МГӨБ-1) баратын жолда болған. Өрт сөндірушілер 10:05-те өртті ауыздықтай алды.
“Автокөліктің бір бөлігі толық жанып кетті. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Оның неден шыққаны тексеріліп жатыр”, – деді Маңыстау облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz