Жанболат Мамай қамауға алынды

Жанболат Мамай мен Жанбол Рахматулла халықты митингіге шақырды деп айыпталып, қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“21 ақпанда 1988 жылы туған Мамай Жанболат пен 1991 жылы туған Рахматулла Жанболды Алматы облысы Қарасай ауданының ПБ қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ұстады”, – деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Баспасөз қызметіндегілер олар әлеуметтік желілерде азаматтарды рұқсат етілмеген митингіге шақырғаны үшін ұсталғанын хабарлады.

Қарасай аудандық сотының қаулысымен Жанболат Мамай 3 тәулікке, Рахматулла 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.