Жаркент маңындағы апаттан үш адам қаза тапты – Тосын жай

Жаркент қаласының маңындағы тасжолда жол апаты болып, үш адам қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

25 наурызға қараған түні Алматы – “Қорғас” автожолының 313-шақырымында Audi 100 мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан. 

“Оқиға орнында Toyota жүргізушісі қаза болды. Екі жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Сонымен қатар, Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді”, – деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, апаттан соң сараптама жасалған, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz