Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.

Кей жерлерінде тұман, жел күшеюі, найзағай сақталады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. түнде және таңертен тұман, түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с болады. Түнде және таңертен Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде шанды дауылмен саққан жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде  найзағай күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Қарағанды  облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде шанды дауылмен соққан жел 15-20 м/с соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

inform.kz