Желіде ақтаулық студенттердің төбелесі түсірілген видео пайда болды – Тосын жай

Әлеуметтік желілерде Маңғыстаудағы гуманитарлық колледж маңында студенттердің төбелескені түсірілген видео пайда болды, – деп хабарлайды “Лада”.

Бұл жағдай 2018 жылдың 11 желтоқсанында болған. Алайда видео енді таралып жатыр.

Колледж директоры Мәзілбек Өтебаев бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

“Осы жағдайдан кейін ата-аналар жиналысы өтті. Колледжіміздің бір студенті тергеуді. Оның ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – деді директор.

Өңірлік полиция департаментіндегілер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

“11 желтоқсанда кешкі уақытта колледж маңында төбелес болды. Үш адам зардап шекті. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді”, – деп хабарлады полициядағылар.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz