Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар 10 миллион теңгеге дейін алуы мүмкін

Енді жаңа жүйе бойынша жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар параның 10 пайызы мөлшерінде сыйақы ала алады. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шпекбаевтың айтауынша, мұндай шешім таяуда үкіметте қабылданған.  “Енді сыйақы мөлшері ЭЫДҰ елдеріндегідей белгіленеді. Жемқорлық жайлы хабарлаған адам айыптау үкімі шыққан соң параның 10 пайызын ала алады”, – деді ол. Шпекбаев сыйақы мөлшері 10 миллион 600 мың теңгеге жететінін айтты.