Жоғалған ұшақта болған “Кардифф” футболшысының соңғы аудиохабарламасы жарияланды – Футбол

Интернетте “Кардифф Сити” клубының аргентиналық шабуылшысы Эмилиано Саланың соңғы аудиохабарламасы жарияланды. Ол отырған ұшақ кеше радарлардан жоғалып кеткен еді, – деп хабарлайды  “Чемпионат”.

“Сәлем, жігіттер, қалайсыңдар? Інім, менің күшім қалмады. Нантада біраз шаруаны қайта тындырдым, қазір апатқа ұшырайын деп тұрған ұшақпен Кардиффке кетіп барамын. Ертең жаңа командамен жаттығамын.

Өздерің қалайсыңдар, аға-қарындастар аман ба? Егер бір жарым сағаттан соң менен хабар болмаса, мені іздеу керек пе, білмеймін де. Әке, қатты қорқып отырмын”, – деп жазады басылым оның хабарламасын. 

Эмилиано Саламен бір клубта өнер көрсеткен, бүгінде “Бордо” шабуылшысы Диего Роланның айтуынша, футболшы ұшаққа отырғанға дейін қорқып тұрғаны жайлы хабарлама жібергенін айтты.

22 қаңтарда “Нанта” клубының жанкүйерлері бұрынғы шабуылшыны қолдау үшін жиналған. Фанаттар “Сен ойыншыдан да биіксің”, – деп жазды “Нанта” жанкүйерлері.

Басқа да клубтар оларға қолдау білдірді. “Бір ғажайыптың боларына сенеміз. “Манчестер Юнайтед” жанкүйерлері Эмилианоға өз махаббатын жолдайды”, – деп жазды The Man Utd Way Twitter желісіндегі парақшасында. 

28 жастағы аргентиналық шабуылшы Эмилиано Сала “Нантадан” КардиффСитиге” 20,5 миллион еуроға ауысқан еді. 21 қаңтарда ол жеке ұшақпен Уэльске ұшып шыққан. Ұшақ жетуге бір сағат қалғанда радарлардан жоғалып кеткен. Іздеу-құтқару шаралары жүріп жатыр, әзірше нәтижесіз. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz