Жұма күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы күтіледі

Синоптиктер 17 мамырында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, отүстік шығыста, орталықта және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстікте – дауыл күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, басым бөлігінде 15-20 жел, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с артады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, 15-20 жел болып, екпіні 23-28 м/с күшейді, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 жел, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с желдің күшейюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау облысының кей жерелінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді.

Алматы, Түркістан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, түнде Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Павлодар, Қарағанда, Шығыс Қазақстан облыстарында үсік 1-8 градус, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік сақталады.

Қызылорда облысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Zakon.kz