Жүргізуші куәлігі мен техпаспорт дизайны тағы өзгеруі мүмкін

Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәліктері мен техкуәліктердің жаңа форматын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына «Жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің формасы мен үлгілерін бекіту туралы» бұйрығына, жүргізуші куәліктерінің үлгілері мен мәліметтер парағына қатысты екі қосымшасына өзгертулер енгізуді көздейді.