
Бүгін – Халықаралық Тау күні. Осыған орай Қазақстандық тауларды таспаға тартып жүрген фотожурналист Досжан Балабекұлының бірқатар фотосуретін ұсынып отырмыз.

Бұл атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясының шешімі бойынша атап өтіліп келеді. Бас Ассамблеяның қарарында таулы аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған ерекше өзекті мәселелер белгіленген. Бұл атаулы күннің мақсаты – таулы аймақтардың тұрақты дамуын насихаттау. Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар адамдардың 10 пайызға жуығының баспанасы. Оған қоса, таулар – өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.






