Дала гүлі

Құртқашаш тасжапырақ (Құртқашаштар тұқымдасы) – құмды, шөлді, шөлейт аймақтарда, Каспийден Балқаш-Алакөл ойпаттарына, Қаратаудан Жоңғар Алатауына дейін кездеседі. Жусандыбетегелі далаларда, сексеуіл шіліктерінде, тоғайларда, қиыршық тасты беткейлерде, тау етегінде өседі. Жапырағы жіп тәрізді өте жіңішке (2 мм), ұзындығы 40 см-ге дейін, өзіне тән ерекшелігі өте тығыз түп, қою сабақтанған бұтақтар. Сәуір-мамыр кезінде гүлдейді, маусым-қыркүйекте жеміс береді. Жемістері үлкен сопақ, үш қырлы қауашақ. Тұқым саны көп, үлкен (5 мм айналасында) созыңқы, қара қошқыл түсті. Мәдени түрде өсірілмейді.

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ, Жамбыл облысы