Тұманды Сайран көлі

254

«Таза Ел.кз» тілшісі Алматы қаласындағы Сайран көлінен бірегей құбылысты фотосуретке түсіріп алды. Өзіндік климаты қалыптасқандықтан болар, Сайран көлінің бетін ақ мамық тұман басқан.

Көлге жақын маңдағы тұрғындардың айтуынша, тұманның көл ішінде таңға жуық пайда болып жүргеніне үш-төрт күннің шамасы болған. Қазір қыс мезгілі болғандықтан, су қоймасымен өзен суы ғана ағып өтуде. Соның нәтижесінде су қоймасының аумағында ерекше тұман бұлттары қалыптасуда. Ал маңайындағы аумақта күн жадырап, қала өз тіршілігімен жылжып жатыр.

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ