Тасын түртсең тарихы көрінеді…

214

Таңбалы шатқалының аумағында жүзден астам әр түрлі уақыттағы ескерткіштер — қола дәуірінен біздің заманымызға дейінгі 14—13 ғасырдың ортасынан 19—20 ғасырлардың дейінгі аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасқан. Олардың бәрі бірігіп үш мың жыл бойы біздің еліміздің көптеген ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен құрайды. Кешеннің барлық кезеңдердегі негізі жартастарында 3000 жуық петроглифтер (1—5 топ) сақталған каньон болып табылады.

Ертедегі петроглифтер белгілі бір бағытқа ғана бағдарланған жазықтықтарға ойып жасалған. Аңғарда каньоннның әрбір жартасының алдында қола дәуірінің барлық суреттері күрделі композицияларға дәйектілікпен біріге отырып, бір мезілде көрінетін жер бар. Таңбалы петроглифтер галереясы өзіндегі қола дәуірінің тайпаларының ертедегі мифологиясы негізіндегі көркем хикаяны нақтылы түрде көрсетеді. Қола дәуіріндегі Таңбалының көптеген петроглифтері Орталық Азияның жартастағы өнеріндегі бірегейі.

Суреттерді түсірген: Досжан Балабекұлы, Алматы облысы