
Бүгін елордасы Нұр-Сұлтан шаһарында «Байтақ болашақ» Республикалық экоальянсының ұйымдастыруымен «Әр қазақстандыққа бір тал – 18 миллион талшыбық отырғызу» акциясы болып өтті. Айта кетейік, бұл игілікті іс-шараның мақсаты: қаланы көгалдандырып, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына әсер ету, халықты табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға шақыру еді.
Акцияны ұйымдастыруға «Қанағат» ЖШС қол ұшын созды. Демеушілер мен серіктестер: Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық әкімдігі, «Беркат» консорциумы, «Қазақтелеком», «Атамекен» ҰКП, R-студиясы, Астана «Ларгус клубы», «Компания Медведев» ЖШС, «Самрұқ» ЖК, ҚазАТУ және ЕҰУ университеттері. Тал отырғызу іс-шарасына «Байтақ-Болашақ» экобірлестігінің басшысы Азаматхан Әміртай және еліміздің бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
«Бұл акция осымен тоқаталып қалмайды. Ары қарай жалағасып табады. Алдағы уақытта еліміздің әр қаласында, әр ауданында ағаш егу акциясын өткізбек ойдамыз. Жақын күндері Алматы шаһарында дәл осындай шараны ұйымдасытырғалы жатырмыз. Келіңіздер, бізбен бірге болыңыздар. Жасыл-желекке бөленген таза қала, таза дала біздің мықты денсаулығымыздың кепілі болмақ» дейді «Байтақ-Болашақ» экобірлестігінің басшысы Азаматхан Әміртай.