Теріскей бізге аманат

187
Сүйінші ағайын. Алақай. Мені кеше, Түркістан облысының әкімдігі ресми түрде Оңтүстікке шақырды. Бұйырса, жақын арада «TAUEKEL» ұйымының атынан киелі Түркістан жеріне «Теріскейге көш» мәселесімен барамын.
Жоба бойынша әкімідікпен бірлесіп аудан-ауылдарды аралауды, кездесулерді бастаймыз. Ия. Адам саны 2,2 миллионнан асып, жылына кем дегенде 60 мыңнан астам сәби туылатын бұл ғажап облыс — Солтүстікке көштің нағыз «адами һәм Қазақи» инвесторы. Сол себепті бұл сапарда барымды салып, қолдан келгенше » көшуге ниетті адамдарды» максималды қамтуым керек. Дегенмен, бұл алғашқы сапар — барлау, бажайлау мақсатында. Не әкімдік қызметкері немесе жұмыспен қамту орталығының арнайы маманы емес, жәй ғана қарапайым адамның агитация мәселесімен бара жатқаны бұрын соңды бірең сараң ғана болған. Сол себепті қалай, қашан және кімді, қайда көшіру керек екенін өз көзіммен көріп, тәжірибе жинап қайтқым келеді. Қысқасы, облыс, аудан маслихаты депутаттарымен, Түркістанның белді кәсіпкерлерімен жолығып — Теріскейге көштің мәнін, маңыздылығын жеткізуге тырысамын. Барынша сәттілік тілеп қойыңыздар ағайын. Шіркін, жалғыз барып «жүз» адам боп, олжалы қайтсам екен. Ал Оңтүстіктегі ағайын, көрші қолаң, тамыр танысқа айтып, «TAUEKEL» мен кездесуге дайындала беріңіздер. Сіз боп біз боп Теріскейдің босап қалған ауылдарын адамға, кең даласын малға толтырайық.
Жазбаны барынша таратып жіберуіңізді сұраймын. Көшке көмегіңіз болсын.
Пы—сы: Жалпы, жұмыс күші артық өңір саналатын Түркістан — көш мәселесімен біраз жылдан бері айналысып келе жатыр.. Ойлаңыздаршы, облыс бойынша үй кезегінде 75 мың адам, жеке жер үй салуға учаске сұрап, тізімге тұрғандар 410 мыңнан асқан екен. Демек, агитация мәселесе мықтап қолға алынса мына санның кем дегенде 10 пайызын Солтүстікке алып кетуге әбден болад деп ойлаймын.
Оның үстіне, биыл Солтүсітік өңірлерге көшетін адамдар үшін 6700 квота бөлінген.
«TAUEKEL». Теріскей бізге аманат.