1 наурызда Қазақстан халқының саны 18,43 млн адамға жетті

2019 жылдың 1 ақпанында Қазақстан халқының саны 18 млн 431,5 мың адамға жетіп, 2018 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда 235,7  мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған кезеңдегі халық саны 10 млн 721,5 мың адамды немесе жалпы халық санының 58,2 пайызын, ал ауыл халқы 7 млн 710 мың адамды немесе 41,8 пайызды құрады. Осы жылдың қаңтар-ақпанында республикада 1 жасқа дейінгі 615  сәби (өткен жылдың қаңтар-ақпанында – 587) өлімі тіркелді. 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі сәбилердің өлім-жітімі 4,8 пайызға кеміді. 2019 жылдың қаңтарында сәби өлімінің коэффициенті 1000 дүниеге келген балаға шаққанда 9,9 оқиға болды. Сәби өлім-жітімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңінде пайда болған жағдай саналады. Оның салдарынан қаңтар-ақпанда 323  бала шетінеді. Туа біткен ауытқудан 113, тыныс алу мүшелері ауруынан 56, төтенше жағдайлардан 19 бала көз жұмды. Осы жылдың қаңтар-ақпанында өткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда Қазақстанға келушілердің саны 16,2 пайызға, кетушілердің саны 16,2 пайызға артты. Негізгі миграциялық алмасулар ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,5 пайызды және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 89,5 пайыз болды. Ел аумағынан тысқары кеткен мигранттар саны 3,7 пайызға артты. Өңіраралық қоныс аударуда  көші-қонның оң сальдосы Батыс Қазақстан (7 адам), Маңғыстау (69), Түркістан (142) облыстарында және Нұр-сұлтан (4 146) мен Алматы (4 632) қалаларында тіркелген.

inform.kz