“5-10-20” бағдарламасы бойынша баспаналы болудың шарттары аталды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ өкілдері “5-10-20” бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетін қазақстандықтар не білуі тиіс екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы банк басқармаасының төрағасы Ляззат Ибрагимова айтып берді.

несие мөлшерлемесі – 5 пайыз;
алғашқы жарна – 10 пайыздан;
несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін.
“Пилоттық жобаның қатысушысы әкімдікте баспана мәжбүр қазақстандықтардың тізімінде тұруы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 1 қаңтардағы жағдай бойынша кезекте 540 мың адам тұр, олардың ішінде: 212,5 мыңы – мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер; толық емес отбасы санатындағылар – 120,5 мың адам, жетім балалар – 60,8 мың, көпбалалы отбасылар – 47,8 мың мүгедек балалары бар отбасылар – 21,1 мың адам, зейнеткерлер – 18 мың және тағы басқа санаттағы 16 мың адам бар”, – деді Ибрагимова.

Банк басқармасының төрағасы несиенің максимал сомасы әр өңірге байланысты:

Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың шет аумақтарының тұрғындары үшін 18 миллион теңгеден аспайды;
Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан және Қарағанды облыстарының тұрғындары үшін 15 миллион теңгеден аспайды;
Қалған өңірлер үшін 12 миллион теңгеден аспауы тиіс.
Ибрагимова бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйлер тек жылдың соңына қарай берілетінін айтты.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда жаңа “5-10-20” тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатыны хабарланған еді. Президенттің айтуынша, биыл Қазақстанда 15 миллион шаршы метр құрылыс нысаны мен 150 мың пәтер пәтер салу жоспарланып отыр.