Қытайда сұраусыз атып тастайды, бізде ше?

Әр моланың басына барып бір селфилетіп жүрген рухани жаңғырғыштар, мына төмендегі цифрларға бір көз жүгіртіп, көңіл тоқтатыңыздар!

Елімізде ай сайын 100-ден астам әйел, 10-шақты бала зорланады екен. Қоғам белсенділерінің деректеріне сүйенсек, биылғы 9 айда 914 әйел зорланып, 204 әйел зәбір /домогательство/ көріпті. Осы айуандыққа қатысы барлардың жартысынан астамы жауапкершіліктен тайқып кеткен. Неге? Өйткені, заң «слишком гуманный».
Осы 9 айда кәмелетке толмаған 84 бала зорланып, 88-і жыныстық әрекетті бастарынан өткерген, балаларды азғындыққа итермелеген 138 дерек тіркеліпті.
Түсініктірек болу үшін орысша мәтінін де қалдырып қойдым:
“По данным активистов, только за 9 месяцев 2018 года в стране были изнасилованы 914 женщин, в отношении 204-х предпринимались домогательства. Зачастую виновным удается уйти от ответственности. Причиной тому – слишком гуманный закон.
….цифры ужасающие: 84 ребенка изнасилованы в 2018 году, 88 детей пережили действия сексуального характера, зафиксировано ещё 138 случаев развращения малолетних”. /ресми басылымнан/
Осы отырған бәріміз осындай қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Балаларын қорғай алмайтын сорлы қоғамға айналдық. Әсті осындай деңгейге жеткізген Құқық қорғау органдарының қазіргі басшыларының мынандай статистикадан кейін, өз креслоларында отыруға қақысы бар ма? Моральдық құқы бар ма?
Азаматтар, қоғам белсенділері! Рухани, мәдени шаралар жақсы ғой, бірақ, қоғам ішінен іріп, санасы кері кетіп бара жатқанда әлгіндей тірліктер құтқара ала ма?
Бұл мәселеге келгенде біздің ҚК-тегі баптар, Орталық Азия елдеріндегі ең қауқарсызы екен. Көршілеріміз Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанда зорлыққа қарсы құқықтық іс-қимыл да қатаң әрі тиімді. Қытайда сұраусыз атып тастайтынын айтудың қажеті жоқ шығар…
Ал мына статистикадан кейін, осыны оқып отырғандарыңыз өзіңіздің балаңызға, қыздарыңызға сенімдісіздер ме? Бірігіп қарекет қылайық! Заңды қатайту керек!
Уколмен, дәрімен кастрация деген түк емес. Биыл 1 қаңтардан бастап, педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы Заң күшіне енді. Алайда, күні бүгінге дейін бір де бір қылмыскерге тым болмаса, химиялық «піштірудің» қолданылғанын естімедік, көрмедік. Неге? Балаларымызды, қыздарымызды зорлап жатқан екі аяқты хайуандарды аяп отырмыз ба?
Содан кейін, химиялық кастрация деген түк емес. Екі аяқты хайуанның екінші «басын» уақытша істен шығаратын препарат – ципротерон деп аталады. Оны сотталған адам 10-14 күн сайын өзі келіп салдырып /ектіріп/ тұрауы керек екен. 1 қылмыскерге жылына осындай дәрінің 26-ы керек. Жылына 1 қылмыскерге дәрі егіп отыру үшін шамамен 127 мың теңге жұмсалады екен. Биылға осы мақсатқа бюджеттен 9,6 млн теңге бөлініпті. Қағаз жүзінде бәрі бар. Бәрі қабылданған. Ал неге іс жүзінде осы орындалмады? Неге тым болмаса бар, қабылданған заңды орындауға келгенде солқылдақтық танытып отыр?
Тағы бір мәселе, 1 жыл бойы әлгіндей қаржы жұмсап педофилді дәрілеп отырды делік. Келесі жылы қайтеміз? Мәселен оның бұтындағы «басында» емес, иықтағы басында ғой. Санасын қайтып өзгертпек?
Бұның ең төте жолы кәдімгі айғырды пішкендей, енегін алып тастап, құлағына ен салып жіберу керек. Жұрт білсін ол пішілген екенін! Осыны заңдастырмай, жақсылық жоқ!

(Даулетхан Жиенқұловтың  Фейсбуктағы  парақшасынан)