Қыздар-ау, қайда барасың?

Қазақ қыздары неліктен америкада адасып, қытайға келін атанып, еуропалықтардың етегінен ұстап кетіп жатыр? Бұған сіздің көзқарасыңыз қандай?

«Екі ауылдың арасын жол қосады,екі елдің арасын қыз қосады», қазақ қан тазалығын сақтау үшін руға, елге бөлініп қыз алысқанда айтылған бұлнақылдың мәнін бүгінде шетелдік азаматпен тұрмыс құрып, өзге елге келін атаныпжатқан қазақ қыздарына тікелей қолдануға болатындай…

Тақырып талқыға түскелі елағаларынан бастап, эстрада жұлдыздары, интернет қолданушылар мен психологтар даөз пікірлерін айтып үн қосты. Бірі қолдап, әркімнің өз өмірі бар десе, ендібірі түбегейлі қарсы болып, қазақ қызы тек қазақ жігітке тұрмысқа шығуы тиісдеп жатты. Жастардың басым бөлігі біреудің жеке өміріне құл сұғылмауы керек,демократиялы елде өмір сүргендіктен әркімнің өз құқықысы бар деген пікір деайтты. Осыдан келіп,  қазақ қыздарыныңшетел азаматтарына тұрмысқа шығуының басты себебі не, деген сұрақ туындайды. Елалдында жүрген тұлғалар әлеуметтік желідегі парақшаларында, әртүрлі арналарғаберген сұхбаттарында осы сұраққа қатысты өз ойларын айтқан болатын. Мәселен,әнші Өмірқұл Айниязов «Қыздарымыз неліктен өзге ұлт өкілімен тұрмыс құруда?»деген сауалға: «Өйткені заңымыз әлсіз,шетел азаматы елімізге келіп білгенін істейді. Басқа мемлекеттерде сол елдіңқызын алу үшін үлкен қаржы төлеу керек екенін естимін. Ал бізде қыз алуда ешсалық қойылмаған. Керісінше, шетелдіктің азаматтық алуына жағдай жасалған.» (сілтеме:sn.kz),-депқызымызды бергеніміз үшін шетелдік азамат салық төлесін дегендей сыңай танытты.

Ал Сейфуллин Жолбарыс: «Кейбіреулер әдейілеп шетел азаматына тұрмысқа шығайындемейді. Шетелде білім алып жүріп, сол жақта танысып қалады. Сол себептендиванда отырып алып әр қызға кінә тағуға болмайды. Қыздарымыз басқа елдіңжігітіне тұрмысқа шықты екен деп, ұлтымыз жойылады деуге болмайды.»,-депкерағар пікір айтыпты. Талай қыздың жүрегін жаулаған Тәуекел Мүсілім қазаққыздарының шетелдік жігіттермен көңіл жарастыруына қазақ жігіттері өздерікәнілі дейді  Zhuldyz.Tv арнасынаберген сұхбатында. Бұл туралы Stan.kz.-жазады: «Өзімізден де(қазақ жігіттерінен) бар болуы мүмкін. Кішкене боспыз, бағаламаймыз. Ойымыздыңбәрі жеңіл-желпі нәрселерге ауады, еріншекпіз. Соның кесірінен әпкелеріміздіңкөңілі қалып, басқа азаматтардан қамқорлық іздеуі мүмкін»-деген ойынайтады. Блогер Өркен Кенжебек фейсбуктағы парақшасына жариялаған жазбасындабәріне еркектердің өзін кінәлайды: «…бар мәселе өзімізде.Еркектің мысы кетті. Айбары қашты. Жауапкершілігі азайды»,-деп қорытындылаптыойын.

     Бұл сауалды психологқа да қойып көрдік. Психолог Лаура Баймолдина: «Өзім қандайда бір пікір айтудан аулақпын. Бұндай шешім әркімнің өзіне қатысты болуы керек. Дегенмен де, психологиялық тұрғыдан шетел азаматымен тұрмыс құруды қалайтын қыздардың көпшілігі мұндай қадамға әртүрлі себептермен баруы мүмкін. Мәселен, біреулер отбасындағы ауыр жағдайлардың нәтижесінде, ата-анасымен арасының алыстауы әсерінен, күндеілікті тұрмыстық өмірден қашып, жаңа нәрсеге қызығуынан, өзге ортаның, басқа қоғамның ішінде өмір сүруді қалауы, өмір сапасы өз елімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары мемлекетте тұруға саналы түрде шешім қабылдауы осындай жағдайға әсер етуі мүмкін»,-деген пікірде. Психологтың ойына қатысты тағы бір себеп бар- қазіргі таңдағы шетелде білім алуға, еңбек етуге жағдай жасайтын бағдарламалардың көбеюі. Желіде қызу талқыға түскен Жансая есімді қазақ қызының оқиғасы осыған дәлел.

Жансая Диксон осыдан 8 жылдай уақыт бұрын АҚШ-қа “Work and Travel” бағдарламасы бойынша барады. 22 жастағы Жансая сол кездің өзінде ары қарайғы өмірін Штаттарда өткізуді ойлаған екен. Жұмыс істеп жүріп, Камил есімді жігітпен танысып, отбасын құрады. Бүгінде үш баланың анасы. Балалары ағылшын тілінде сөйлеседі екен. Тұрмыс құрған күннен бері Қазақстанға келмеген Жансая жақын арада елге келуді жоспарлап жүргеннін айтады: «Менің әрекетімді сынайтын қазақстандықтарды да түсінемін, мен де елден кеткенге дейін солар сияқты ойлағанмын. Әрине, ата-анам, туыстарым алғашында мені қолдамады. Кейіннен, танысып, жақын араласқаннан кейін жұбайымның қандай адам екенін көріп, өз ризашылықтарын білдірді. Әлем тек бір мемлекет немесе бір ғана ұлтпен шектеліп қалған жоқ қой…»-дейді Жансая.

      «Қыз-жат жұрттық»,-деп қызын қырық үйден тиып, қонақ деп сыйлаған қазақтың дархан көңілі қазір расымен қызын жат елге тұрмысқа беріп, шетелмен құдаласып жатыр. Бұл үрдіске белгілі этнограф Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ түбегейлі қарсылығын білдерген еді: «Қыздарымыздың өзге ұлтқа тұр­мысқа шығуы – жай мәселе емес, ұлттық тра­гедия! Қызымыз өзгенің етегінен ұс­тау арқылы қазақтың намысын жығып бе­ріп жатыр деген сөз. Біле білсек, ұлтты сатудың бұдан асқан сорақы көрінісі болуы мүмкін емес. Сондықтан бұған қа­лайда тосқауыл қою керек»,-деп ащы шындыққа тура қарауға шақырады. Қазақстанда бір жігітке сегіз қыздан келеді деген өтірік статистиканы алға тартып, қыздарымыздың өзге ұлт өкілінің етегінен ұстап кетуіне басты себеп осы деп жүрген отандастарымызға да шынайы статистиканы ұсынып көрейік.

ҚР Ұлттық Экономика министрлігі, Статистика коммитетінің ресми ақпаратына сүйенсек, қазақстан халқының саны 18 378 692 (он сегіз миллион үш жүз жетпіс сегіз мың алты жүз тоқсан екі) адам, оның 8 902 611-і еркектер болса, 9 476 082-і әйелдер. Яғни, әйелдер еркектерден тек 573 471 ғана артық. Ал оның ішінде 18 жастан жоғары еркектердің үлесі 65,8 пайыз болса, әйелдер 16 мен 57 жас аралығындағы әйелдер үлесі 61,2 пайыз екен. Демек, ұлт тағдыры сынға түскен тұста демографияны жазғырудың қажеті шамалы. Ел азаматтарының пікірін ұсына отырып айтпағымыз, ел боламыз десек, бесік тербетер болашақ ана бүгінгі қыздарымыздың өз ұлтының ұрпағын жалғастырғаны жөн болар. Ал жігіттеріміздің бойында әрдайым намыс пен жігер, жауапкершілік пен ұлттық рухтың асқақ болуын тілейміз.

Балжан ХАЛЫҚ