Алматыда 5 айлық сәби сырға жұтып қойған

Алматылық дәрігерлер сырға жұтып қойған 5 айлық бүлдіршіннің  жағдайы туралы түсінік берді.

Мамандардың айтуынша, 5 айлық баланы жедел жәрдем бригадасы қалалық балалар жұқпалы ауруханасына жеткізген. Бала алқынып, демалуы қиындап келген.

«Дәрігерлердің қарауынан соң рентген оның өңешінде бөгде зат тұрып қалғанын көрсетті. Нәресте «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» ауруханасына жіберілді. Түскі 14:00 шамасында баланың өңешінен эндоскопиялық жолмен сырға алынып тасталды. Қазір жағдайы жақсы, бірқалыпты. Уақытында көрсетілген көмектің арқасында баланың өңешінде жара пайда болған жоқ. Қан аққан жоқ», – деп мәлім етті қалалық Қоғам денсаулықты қорғау басқармасынан.

inform.kz