«АЛЖИР» мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылыққұрбандарын еске алу күніне арналған жылсайынғы «Тарихтан тағылымөткенге тағзым» форумына қатысушылар Ақмола облысының, Ақмол ауылындағы «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барды.

Реклама

Бұл жерде Еске алу тақтасына гүл қою рәсімі мен еске алу митингісі өтті.

«Құрметті қауым, ардақты ағайын! 31 мамыр, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарынеске алу күнібарша қазақстандық үшінқастерлі күн. Бүгін еліміздің түкпір-түкпіріндеосыған орай түрлі іс-шаралар өткізілуде. Біз де осындай парызымызды орындау үшін «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне жиналдық. Тарихи деректер бойынша, 1932-1933 жылғыаштықтан қазақ халқының 2 миллионнанастамы, жалпы халықтың 42%-ы жазықсызқұрбан болған. Ашаршылықтан кейінгі 37-38 жылдардағы сталиндік репрессиялау да халқымыз үшін өте ауыр соққы болды. Жүзмыңнан астам адамға «халық жауы» дегентаңба тағылды. Олардың көбі атылып кетті, қалғандары лагерьлердің бар азабын бастанкешті. Қуғын-сүргінге ұшырағандарадың алғышебінде Алаш арыстары мен қазақ зиялыларықұрбан болды. Халқының болашағы үшінбастарын бәйгеге тіккен ата-бабалардықастерлей білуперзенттік борыш болуы тиіс. Алаш қозғалысының өкілдері мен қазақзиялылары құрбан болды. Жазықсыз құрбандаррухына бас иіп, тағзым етубаршамыздыңпарызымыз. Бұл іс-шара – қуғын-сүргінауыртпалығы ешқашан қайталанбауы үшін, болашақ ұрпақты өткен кезеңнің қасіреттібеттерінен хабардар ету мақсатында өткізіліпотыр», – дейді Қазақстан халқы Ассамблеясытөрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев.

Іс-шараға қатысушылар Музей экспозициясымен, «АЛЖИР» мұражайының бірегей экспонаттары» жылжымалы көрмесімен танысты және қонақтарназарына «АЛЖИР-дің жан төзгісіз ызғары» деректі фильмі ұсынылды.