БІЗ НЕ ҮШІН ҚОҒАМДА БЕЛСЕНДІ БОЛУМЫЗ ҚАЖЕТ?

Жақында көрші Ресей елінде Миxаил Попков деген бұрыңғы полиция қызметкерінің 82 адам өлтіргені туралы анықталды. Ол адамдарды бірінші зорлап, кейіннен өлтіріп кетеді екен. Көбінесе 15-тен 35 жасқа дейінгі әйелдер қылмыскердің құрбаны болған. 90-жылдардан бастап осындай қылмыстарды үнемі жасап келген. Бұл ангарлық маньяк Чикатилодан да көп адамды өлтірген. Негізгі себебі, қылмыс мотиві – Миxаил Попковтың адам өлтіргенді, зорлағанды жақсы көретін адам болуы. Тексеріс кезінде көршілері, араласатын достары бір ауыздан жақсы күлімсіреп тұратын адам еді деп айтқан екен. Жанұясына жақсы қарап, жақсы әке, жақсы күйеу болған, бірақ 82 адамды ең қатыгез жолмен қорлап өлтірген жауызда анықтау үшін 5 жылдай уақыт кетіпті. Сақ болу керек. Сырты бүтін, іші түтін.

Біздің елімізде де өз арамызда осындай ессіздер толып жүр. Жыл сайын көп жастар із-түссіз жоғалып кетеді. Бұл – үлкен проблема. Полиция да бұл мәселеде дәрменсіз. Сол себепті өзімізді және отбасымызды қорғансыз сезінеміз, ертең осындай жағдай жақынымыздың басына түспесіне кім кепіл? Опасыздарды ел арасына жолатпау үшін қарапайым xалық өте белсенді болуы керек.

Бізде де, байқасаңыздар, адамдар көп жоғалуда. Не болып жатқанын кім біледі? Кім кінәлі? Ешкім нақты есеп бермеді. Сауал көп, тұщымды жауап жоқ. Осы үшін де біз қоғамда қозғаушы күш ретінде белсенді болуымыз керек. Қоғамға белсенділік көрсеткенде біреу басымыздан сипап, мақтау қағазы береді екен деп ойлаудың қажеті жоқ. Тек біздің елімізде әділдік орнасын деген мақсаттың әрбір азаматта болғаны жөн.

Осындай жауыздардың жаманшылығына қарсы тұру үшін біз қоғамда белсенді болумыз керек. Әрқайсысымыз қоғамда әділдіктің заңы басты орынға шықсын деп белсенділік танытсақ, осындай опасыз оңбағандарды тез арада ұстап, тоқтатуға болушы еді. Әйтпеген жағдайда олар ойына келгенді жасап, қаншама жастардың, бүлдіршіндердің қанын ішіп, өмірлеріне балта шауып келе жатқаны рас. Бізге тек әділдік керек!

Азаматхан Әміртай