Бірлесе көтерген жүк жеңіл

Кеше  Ұлттық  қоғамдық  сенім кеңесіне  мүше   Қайырбек  Арыстанбеков екеуіміз  Тараз  қаласына келдік. Мұндағы  мақсат,  елдің,  жердің,  халықтың   жай- күйімен  танысу  еді.

Алдымен   Жамбыл  облысының  әкімімен кездесу  өткіздік. Бұл  жерде айта  қаларлықтай  тұщымды  әңгіме  болды. Осы  аймақта  орналасқан  қант  зауытына өнімдерін  өткізіп  жүрген  фермерлердің жағдайы, өңірдегі  экологиялық  мәселе,   шаһарды  абаттандыру,  осында  оранласқан техниалық  жөндеу орталықтарынан  шыққан  көлік  майларын  қайта  өңдеуден  өткізіп, тұрмысқа керекті  бұйымдар  жасау жөнінде  өз  ойларымызды  ортаға  тастадық. Облыс  әкімі  аймақтағы  тарихи  орындарды    ретке  келтіріп,  туризмді  дамытуға  бар  күштерін  салып  жатқанын, шағын  және  орта  бизнесті өркендету  үшін  оңды  тірліктер  жасалып  жатқанын   тілге тиек етті. Сондай –ақ   ауылдарды  аралап   халықпен  жиі  жүздесіп, түйткілді  мәселелерді  сол  орында  шешіп тастап  жатқанын  айта  өтті. Бұл  жөнінде  біз, қала, аудандағы мәслихатты   жандандыру керектігін,  егерде  ол  жерде білімді,  білікті азаматтар  отырса, олар  халықпен  қоян – қолтық   жұмыс  істесе, облыстың  дамуына  айтарлықтай  серпін  беретінін  ескерттік. Әрине Асқар  Мырзахметов  басқарған  Жамбыл  облысында  жағдай  жаман,  халықтың  тұрмысы  тым  төмен  деп айтуға  болмас.   Әкімнің  халыққа  жақын  екенін көрдік. Облыста   ілкі  тірлік  бар. Халық  үшін  көптеген көз  сүйсініп,  көңіл қуанарлық  жұмыстар  жасалап  жатқанын  байқадық. Дегенмен  бұл  өңірде  фермерлер  үшін   су  мәселесінің қат екенін  байқалып  тұр.  Өйткені  су көрші  ел –қырғыз  жағынан келеді. Мұны далаға  өнім егіп жүрген фермелерде  айтып  жатыр. Демек  облыстағы су  мәселесін  шешу  үшін, қырғыз  елімен келісімге келу  ең  өзекті  мәселелердің бірі.  Облыс әкімі  бұл  мәселе  өзінің  тікелей  қадағалауында екенін  айтты. Тараз  қаласында  халықпен тікелей  жұмыс  жасап  отырған  өзгеде   құзырлы  орындардың  басшыларымен жолығыстық. Сондай –ақ қоғамдық  ұйым  өкілдерімен жүздестік. Бұл  жере  де тұщымды әңгіме  болды  деп айта аламын. Көбіне  халықтың  өз  құқығын  білмейтіндігі, өз  құқығын  қорғай алмайтынын  ескере  отырып, осы  жерде  құқықтық  кеңес  беретін  орталық  ашу керектігін  ескердік. Жалпы   облыстағы  көптеген  мәселелерді шешу  және  елдің  игілігіне  жұмыс істейтін ауқымды  жобаларды  жүзеге асыру  үшін  үлкен  қаржы,  инвестиция керек екені  көрініп  тұр.  Біздің  ең ретке  келтіріп  шешкеніміз, қант  зауытындағы  жұмысшылардың  ала алмай  отырған айлығы  және фермерлердің  қарызы  5  ақпанға  дейін берілетін  болып  келісілді. Әрине   облыстағы өзгеде  мәселелерде  біздің   бақылауымызда  болмақ.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ «Байтақ-Болашақ»  экологиялық  альянсының  төрағасы,  Ұлттық  қоғамдық  сенім кеңесінің  мүшесі