Биыл жазда 300 мыңға жуық бала лагерьде тегін демалады

Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынов балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қанша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуына қаржылай және материалдық көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен 3 млрд 873 млн 417 мың теңге бөлінді», –  дейді комитет төрағасы.

Сондай-ақ, Ержан Ерсайынов мұндай басымдық оқуда үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен дарынды балаларға, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына да берілетінін сөз етті.

«Жалпы, бұл жазда тегін демалыспен көпбалалы немесе тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 290 мыңнан астам баланы қамту жоспарланған», – деді Ержан Ерсайынов.

inform.kz