Блокпостағы көлік апатынан көз жұмған 2 полицей «Айбын» орденімен марапатталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы блоек-бекетте қайтыс болған полиция қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы жарлық Ақордадажарияланды.

“Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы ІІ дәрежелі “Айбын” орденімен, Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен наградталсын” делінген қос Жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жол апаты 25 мамырда таңертең № 4 блок-бекетте болған. БМВ-дің мас жүргізушісі алдымен темір қоршауға соқтығысып, содан кейін ұшып, полиция көлігін соққан. Онда екі полиция қызметкері отырған. 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев оқиға орнында қайтыс болды. Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Абдықанов ауруханада есін жимастан көз жұмды. Үшінші полиция қызметкерінің есімі – Ербұлан Сейдәзім. Полиция аға лейтенанты қазір №7 қалалық клиникалық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Оқыс оқиға болған кезде ол планшетпен жол бойында бекеттен өтуші көліктерді базадан тексеріп тұрған. Ал екі полиция қызметкерінің қаза табуына себепкер мас жүргізуші А. бұрын органда жұмыс істеген, бірақ өз міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін жұмыстан шығарылғаны белгілі болды.