Дариға Назарбаева баспана мәселесін түбегейлі шешу керектігін қадап айтты

Назарбаева жеке тұрғын үй құрылысына жертелімдерін бөлуді жеделдетуге шақырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Егер де өңірлер бөлінісінде қарайтын болсақ, онда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеручаскесіне деген кезекте ондаған мың адам тұр. Бұл адамдар бюджеттен ақша сұрап тұрғанжоқ, олар уәде етілген 10 сотық жерді бөліпберуді сұрап отыр және сол учаскеге өз үйлерінсалуға дайын.

Әрбір жаңа үй әр өңірдің қосымша мүлігі болыпсаналады, осы орайда жер телімі салығы, мүліксалығы, коммуналдық төлемдер есептеледі. Бұлөз кезегінде кез келген елді мекенніңбюджеттегі кіріс бөлігін толықтырады“, – деді Назарбаева парламент сенатыныңжалпы отырысында.

Сенат спикерінің пайымынша, баспанакезегінде тұрған адамдардың басымбөлігінің мәселесін жеке тұрғын үйқұрылысы арқылы шешуге болады.

Баспана мәселесін түбегейлі шешу керек, себебібұл проблема жыл сайын жалғасып келеді. Бізбарлық сылтауды алдын ала білеміз, яғниинфрақұрылымдық дамуға қаржы аз бөлінеді“, “трансферттен ақша жеткіліксіз бөліндідеген уәж айтылады. Менің ойымша, бұлжағдайды оңтайлы шешуге болады, осытұрғыда көптеген қаржылық тетіктердіпысықтау керек“, – деді Дариға Назарбаева.

Айта кетейік, парламент Сенатының жалпыотырысындаҚазақстан Республикасыныңкейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үйқатынастары мәселелері бойынша өзгерістер ментолықтырулар енгізу туралыЗаңы қабылданды.

Құжат көпбалалы отбасылардың және жұмысістейтін жастардың баспана мәселесін жеделшешу үшін заңнамалық негізді қалыптастырады.