Елді есуас президент билесе…

Венесуэланы қатарынан екі жынды президент биледі-Чавес пен Мадуро. Сондай бақытсыз мемлекет -Түркменстан, оларда ақмақ Ниязовтың орнына топас Бердімұхамедов келді. Бір жақсысы қазақтың көбісі Түркменстаннан ата мекенге көшіп келді.Тәжікстан да бақытсыз мемлекет. Түркменстан мен Венесуэла мұнайға бай, бірақ бағы ашылмаған елдер. Мәселенки, Түркменстан басшысы (Түркменстан президенттері Ниязов пен Бердімұхамедов), Куба басшысы –(Фидель Кастро отбасы) . Осы есуас басшылар валюнтаристік әдісімен басқарды, аяғында миллиардтаған суммалар шашылып бөспелік, авантюристік бағдарламаларға жұмсалып, Венесуэла , Түркменстан,Куба тақыр жерге отырды. Ақымақ саясат ол “халықшылдық популизм” идеяларына бүркемеленді, яғни халыққа көрсетілетін жалған жанашырлық, коммунисшілдік пиғыл- осы идеялар нарықтық экономика мен либертериалдық принциптерді тапталған жағдайда туады. Венесуэла, Кубада -халықты товар дефициты буып барады, ал Түркменстанда нан мен май, бензин мен газ жетіспеушілігі, тұтыну товарларға тапшылық , ұзақ кезек- өшіредтер. Белоруссия да билік популизм саясатына сүйеніп , толық жоқшылық пен дефициттің аз ақ алдында, енді Лукашенкоға Белоруссияның егемендігін құрбан етіп , Ресейге қосудан басқа амалы жоқ, себебі популистік коммунисшіл экономика, әлеуметтік жүдеулікке әкеледі. Ресей бүгін мемлекеті империялық популизм жолына түсті, бірақ Ресей Гайдар мен Ельциннің реформасының және мұнай бағасының шарықтауының жемісін көріп отыр , бірақ Путин реформаларды жалғастырмай отыр. Мұнайдан түскен қаржыларды ол әскери өндірістік салаларға жұмсап , қалған қаржыны екі мемлекетпен-Сирия мен Украинадағы соғысқа жұмсап келеді. Есесіне Батыс елдер Бірлестігі Ресейді экономикалық, технологиялық санкцияларға батырып келеді. Соның нәтижесінен соңғы төрт бес жылда Ресейде тұрмыс нашарлап келеді. Бірақ орыс халқы Ресейдің басқыншылық империялық саясатына қатты сүйсіне қарайды: қара су ішсек те Қырымды Украинадан тартып алдық, енді АҚШ Ресейге көкесін көрсетеміз деп отыр.

(Әзімбай  Ғалидың  Фейсбуктағы  парақшасынан)