Halyk Bank қызметкерінен коронавирус табылды

Halyk Bank өз ғимараттарының бірінде кеңесші болып жұмыс істеген бір қызметкердің COVID-19 коронавирусын жұқтырғаны анықталғаны туралы хабарлама таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен іс-әрекет тәртібіне сәйкес, науқас пен онымен байланыста болған барлық қызметкерлер қазіргі уақытта оқшауланған және карантинге жатқызылды.

Банк өз кезегінде клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қабылдады. Кеңселер мен ғимарттар ішінде жүйелі түрде санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде, делінеді банктің хабарламасында.

Банк филиалдары мен банкоматтары әдеттегідей жұмыс істейді, клиенттер үшін барлық операциялар қолжетімді.

Заңды тұлғалар үшін қашықтан Onlinebank.kz және жеке тұлғаларға Homebank.kz қызмет көрсетеді, Байланыс орталығы тәулік бойы кез-келген сұрақтарға жауап береді.