Маңғыстаулық 40 мың жұмысшы астанамыздың «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін оң шешім деп бағалады

Өңір экономикасының қарыштап дамып, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуында Елбасының атқарған еңбегі өлшеусіз.

“ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұнайгаз саласы мен көлік логистикасын жаңғыртудағы еңбегі зор”. Маңғыстаулық 40 мың жұмысшының пікірі осындай, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір экономикасының қарыштап дамып, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуында Елбасының атқарған еңбегі өлшеусіз. Н.Назарбаевтың стратегиялық жоспарының арқасында облыста жаңа автомобиль, темір жолдар мен теңіз порттары салынып, Европаға тікелей жол ашылды. Мыңдаған жаңа жұмыс орындары құрылды.

Елбасына алғыстарын жеткізгендердің қатарында мұнайшылар, құрылысшылар, теміржолшылар, кәсіпкерлер мен зауыт жұмысшылары бар.