Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевқа Ашық хат Құрметті Қасым – Жомарт Кемелұлы! Құрметтті президент мырза!

  Бұл  ұшпу  хатты «Байтақ –Болашақ» экологиялық  альянсының  атынан  жолдап  отырмыз. Айтқымыз  келгені, елдегі  орта  және  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау және оны  қалай  дамыту керектігі. Өзіңіз, талай  мәрте,  Қазақстанды дамыту  үшін жаңа  экономикалық  саясат  қажет  және  экономиканың  негізгі  тегершігі  болуы  тиіс орта  және  шағын кәсіпкерлікті қолдау  керек  деп  айттыңыз. Өте дұрыс.  Мұны  бізде  қолдаймыз. Шикізаттық  экономикадан нақты өнім  өндіретін экономикаға   қол  жеткізетін кез  келді.

Соның  бір көрінісі   отандық тауар  өндіріп  отырған кәсіпкерлерді  қолдау  болып  табылады. Бұл  үшін осы  саланы  қолдап,  несие  беріп,  өркендеуіне  жол ашатын құрылымдардың  қажеттілігі.  Әрине экономиканы жандандыруға  арналған  мұндай құрылымдар елде  бар.  Мәселен, Даму  қоры, Бәйтерек холдингі, Ұлттық кәсіпкерлер  палатасы,  Екінші дәрежелі  банктар, жергілікті  жерлерде  кәсіпкерлерді  қолдайтын әр  түрлі  ұйымдар т.б дегендей. Бір қарасаң көз  қуантады.  Алайда  бұлардың  бәрі  кәсіпкерлікті тежеп  отырған бюрократиялық  құрылымға айналған. Саны  барда  сапасы  жоқ  мекемелер. Бұлар  мемлекеттен ақшаны алғанымен, алайда  бизнеске  нақты  көмек  бере алмауда.  Ең  басты кемшілік  бұл  жерде бизнестің,  кәсіпкерліктің не екенін  жетік  түсінбейтін  біліксіз  мамандар  отыр. Сонымен қатар, екінші  банктердің  жүргізіп  отырған  саясаты  дұрыс емес.  Олар  кәсіпкерлерді  қолдаудың  орнына, құнды  қағаздар  шығарып,  соларды  сатып  пайда  тапқанды  әлдеқайда  жақсы  көреді. Керісінше  кәсіпкерлерге көмек  беруді  олар пайдасы жоқ, қайтарымы  аз,  тәуекелі  көп  сала  деп  қабылдайды.  Ал, мұндай жерде  орта  және шағын бизнес  қалай  дамиды.  Әрине, жоқ. Мәселен, Сингапур,  Малайзия, Вьетнам, Қытай,  Оңтүстік Корея  және  Жапон елдерінің  тәжірибесіне қарасақ,  бұлардың бәрінде шағын кәсіпкерлікті  қолдау  бірінші  орында  тұр.  Барлық  жағдай  жасалған. Құқығы  мемлекет  тарапынан қорғалған.  Ең бастысы адамда  кәсіп ашсам деген  ниет  болса  болды. Қалғаны қиын емес. Осы  себепті  бұл мемлекеттер дамып  отыр.   Ал,  бізде бәрі  керісінше. Демек  бұл  құрылымдардың ұстанған  саясатын  өзгертетін уақыт  жеттті. Біз  дамыған елу елдің  не болмаса  отыз елдің  қатарынан табылғымыз  келсе,  онда ел  экономикасына түбегейлі  серпін  беретін шағын  және орта  бизнесті оңды  жолға  қойып,  оған  тосқауыл болып  отырған аталмыш  құрылымдардың  өзін  реформалау  қажет-ақ. Онсыз Қазақстанда  жаңа  экономикалық  саясат  жүзеге  асады  дегенге  аса сенгіміз келмейді.  Тағы  бір  мәселе елімізде «Қарапайым заттар экономикасы»  деген  бағдарлама  бар. Ол  600 миллиард  тенгенмен қамтылған. Даму  қоры  арқылы шағын  және  орта  бизнесті  қолдау  үшін үлестіреді.  Қазіргі дағдарысты  жағдайға байланысты  сіздің  тарапыңыздан  оның  қаржылық  қоры  1 триллион  тенгеге  дейін  көбейтілді. Әрине  бұл  дұрыс  қадам. Алайда  осы  бағдарламаның қаржысыда жанжаққа  шалып,  рәсуа  болуда. Бір  ғана  мысал,  Ақтау  және Түркістан  қалаларында  салынып  жатқан  «RIXOS» қонақ  үйлеріне ақша аударылған. Сонда  бұл  қонақ  үйлер «қарапайым заттар» қатарына  еніп кеткен  бе? Мұны қалай  түсінуге  болады?  Кім  оны жасап  отырған? Түсініксіз. Мұны айтып  отырған  себебіміз орта  және  шағын  кәсіпкерлікті  қолдауға арналған  1 триллион  тенге ұстағанның  қолында,  тістегеннің аузында кетіп,  із-түссіз  жоғалып кетпесе екен  деген  ой. Осының  бәрін таразыға  тарта келе «Байтақ-Болашақ» экологиялық  альянсы респубикалық қоғамдық штаб  құрып, «бұл қаржы  қайда кетіп  жатыр, кімдерге  берілуде,   нақты  иелерін тауып жатыр ма?»  деген   себеппен қоғамдық тексеруді  бастамақ  ниеттеміз. Өйткені қаржы отандық  өнім өндіретін нақты кәсіпкерлерге  берілуі тиіс. Соны  қадағалау біздің  міндет. Өкінішке қарай қаржы  кімдерге,  қандай  жобаларға құйылып  жатыр  деген  ақпарат алайық  десек, құпияландырылып қойылған.  Не  үшін? Демек  осының  өзі  көңілге күдік  туғызады. Ашық айтылмаған,  көрсетілмеген,  жабық жерде ұрлық  болады. Сол  себепті  құжаттармен танысуды  құпия  ұсап  отыр  деуге  болады. Әлбетте «қарапайым заттар экономикасы»  жобасы қарапайым  кәсіпкерлердің  емес,  олигархтардың мүддесін қолдап  жатыр  деуге  болады. Сіз  1 триллион тенге   шағын  және  орта бизнесті  қолдау  үшін жасалып  отыр  дедіңіз. Алайда  бұлар сізді  аттап  өтіп, олигархтардың  бизнесін  қолдап  отыр. Бұл  қалай? Осы  мәселені  жеріне жеткізе  тексеріп,  тойтарыс  беруге  тиіспіз. Қоғамдық  штаб  құруымызда  сондықтан. Қазір  өзіңіз  қол  қойып қолданысқа енген «Митинг  туралы  заңның» аясында  біз митинг ұйымдастырып, осы  мәселені  ашық  талқыласақ,  қоғамның пікірін  білсек  деп жоспарлап  отырмыз. Тағы  бір  мәселе Даму  қоры  жөнінде айтсақ, онда  қаржыландырудың  үш  тетігі  бар. Ол өндірісті  не  болмаса  өндірісті емес саланы қаржыландыру  және гранттар бөлу. Ал, сол гранттар кімге беріліп жатыр? Бұл да  қарапайым  кәсіпкерлерге беріліп  жатыр деп айта алмаймыз.  Негізі  осы Дамудың  төңірегінде  жүргендер қызығын  көруде.  Бұғанда  көз  жұма  қарауға  болмайды. Бір сөзбен айтқанда ел экономикасын жандандыруға, қолдауға  арналған  осындай  құрылымдар бүгінде тиімсіздігін  танытуда. Бұлар отандық  өнім  өндіріп,  халыққа отандық  тауар ұсынып  отырған кәсіпкерлерді  қолдаудың  орнына, тек баюдың  жолын  көздеген  олигархтардың сойылын  соғуда. Үнемі  бұлай  болуы  тиіс емес. Демек экономиканы қолдау  үшін құрылған  құрымдардың бәрін  реформалау  қажет. Олардың  ұстанған  саясаты  өзгеруі  тиіс. Онсыз Қазақстан дамудың  даңғыл  жолына  түседі  деп айта алмаймыз. Сізден  сұрарымыз  осы салаларды  бақылауға алсаңыз. Нақты  шешімдер  қабылдасаңыз,  құба  құп  болар еді.

Құрметпен  Азаматхан  ӘМІРТАЙ, «Байтақ – Болашақ» экологиялық  альянсының  төрағасы