Мұғалімдерді кемсіткендерге 252 мың теңге айыппұл салу ұсынылды

  Қазақстанда мұғалімдердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, кемсіткендерге айыппұл салу ұсынылды. Оның құны 100 АЕК, яғни, 252 000 теңгені құрауы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұндай заң жобасыНҚА Ашылуысайтында жарияланған. Оны талқылау 27 маусымға дейін өтеді деп жоспарлануда. Заң жобасына қатысты пікір жазып, қалдыруға болады.

“127 бабы 1-1 бөлімі: “1-1. Кәмелеткетолмағандардың тарапынан оқытушының арнамысы мен қадірқасиетіне тиген нұқсан үшінолардың атааналары немесе олардыалмастыратын адамдарға жүз айлық есептіккөрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынадыбойынша толықтырылсын“, – делінген заңжобасында.

Одан бөлек, ҚР заңнамасында көрсетілгенжағдайларды есепке алмағанда, оқытушыныкәсіби міндеттеріне қатысы жоқ жұмыстарғатарту, сондайақ мұғалімнен заңда көзделмегенесеп пен ақпаратты талап етудің соңы ескертугеәкеп соғады.

Егер оқытушыға өз қаражаты есебінен оқутәрбиепроцесін қамтамасыз ететін тауарлықматериалдық құндылықтарды сатып алу міндетіжүктелген болса да, ескерту жазылуы мүмкін.

Жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарбір жыл ішінде қайталанатын болса, құқықбұзушылауазымды тұлға үшін – 40 АЕК, ал шағын, орта және ірі кәсіпкерліксубъектілер үшін 60-120 АЕК төлеугеміндеттеледі.