Президент тұрғын үй мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді

Президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй мәселесін шешу жайлы айтты.

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.

Президент салтанатты іс-шара барысында тұрғын үй мәселесін шешу жолдарына тоқталды.

“Түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын. Біздің алдымызда бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта нақты шаралар қабылдайды. Содан кейін әділетті әлеуметтік саясат. Біз адам капиталын дамыту саясатын жалғастырамыз. Бұл бағытта ең алдымен не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау, барлық тұрғынға сапалы медицаналық қызмет көрсету. Бұл мәселелер бойынша біздің тұтас бағыт-бағдарымыз бар”, – деді Тоқаев.

 

kaz.tengrinews.kz