Қазақстанда амбулаториялық қызметтер қымбаттаған

Қазақстанда амбулаториялық қызметтер бір жылда алты пайызға қымбаттаған, – деп хабарлайды Energyprom.kz сарапшылары.

Сондай-ақ, фармацевтикалық препараттардың 6,9 пайызға қымбаттағаны айтылады.

Қазақстан өңірлерінде осы жылдың мамыр айында дәрігердің алғашқы қабылдауының бағасы жылына 16,1 пайызға, яғни 3,1 мың теңгеге дейін қымбаттаған.

УДЗ құны Қазақстан бойынша орта есеппен 3,5 мың теңге болды – өткен жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға көп. Жалпы қан анализінің бағасы 1,2 мың теңгеге жеткен. Ал жалпы несеп анализінің құны 7,9 пайызға, яғн 700 теңгеге дейін өскен.