Қазақстаннан да коронавирус шықты

Қазақстанда коронавирустың алғашқы жағдайы анықталды, деп хабарлайды tazael.kz

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

– Өкінішке орай, бүгінгі күні екі рет тексерілген мәліметтер – tes coronavirus нәтижесінің расталуы бар екенін көрсетті. Бұл – Германиядан келген науқастар, – деді Біртанов.

Айта кетсек, 10 наурызда еліміздің бас сантитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирус 11-16 наурыз аралығында анықталып қалуы мүмкін екенін жариялаған. Бұл карантиндегілерді зерттеген ғалымдар болжамы болатын.

Біздің болжамымыз бойынша, шамамен 11-16 наурызда елде коронавирус анықталуы мүмкін. Бұл тек болжам, ол расталмауы да мүмкін, – деді ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай жағдайға арналған Б жоспары бар. Оқу орындары жабылып, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады, науқастар мен байланыста болғандарды мәжбүрлі оқшаулау талаптары жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін күшейтудің төрт кезеңі жүзеге асырылды, шекараларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, коронавирус таралған елдермен әуе қатынасы шектеліп, тоқтатылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 ақпанынан 4 наурызына дейін Қазақстанға мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы барлық елдерден 1 736 462 адам келді, оның ішінде ЕАЭО елдерінен 992,623 адам. 6 қаңтардан 5 наурызға дейін Қазақстанға Қытайдан мемлекеттік шекара арқылы 33124 адам келді.

7 наурызда Қазақстан коронавирус таралуы қауіпі жоғары елдердің тізімін жаңартты.