Қазақстанның бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды tazael.kz тілшісі.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:

1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;

2) қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салуды;

3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі.

Сондай-ақ мынадай өзгерістер бар:

1) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

2) ойын-сауық мекемелерінің (жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды;

3) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды;

4) 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін жаңа жылдық таңертеңгіліктер, мерекелік корпоративтер, ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салуды.

5) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салуды;

6) спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салуды;

7) ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда ашық ауадағы аттракциондардың қызметіне рұқсат беруді;

8) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай) рұқсат беруді;

9) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға  (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді;

10) жеке автокөліктің өңірлер арасында жүруіне рұқсат беруді;

11) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;

13) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:

  • контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға;
  • сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуға;
  • оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70 пайызын штаттық режимде, 30 пайызын қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30 пайызынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту);
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;

14) екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беруді;

15) 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар үшін спорт кешендерінің қызметіне рұқсат беруді;

16) маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға рұқсат беруді;

17) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

18) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығы” және “Бөбек” Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы” РМҚК қызметіне рұқсат беруді;

19) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беруді;

20) көрермендердің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай жинақтай отырып, ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын және  тиісті аумақтардың бас санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат беруді;

21) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

22) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте күшейтілген карантиндік шаралар қабылданғаннан кейін кемінде 14 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету сары немесе жасыл аймаққа көшкеннен кейін 2 аптадан ерте жүргізілмейді.