ҚТЖ: Арыстағы жағдайдан соң 12 мың жолаушы тегін жеткізілді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Сервис жәнеклиенттермен жұмыс департементініңдиректоры Әлібек Сұлтанов Арыстағы жағдайғабайланысты жол үстінде қалып қойғанжолаушыларға қандай көмек көрсетілгенінайтты.


Тікелей азаматтармен жұмыс істейтінұлттық тасымалдаушы Арыс қаласындатөтенше жағдай жарияланған соңжолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумақсатында барлық күштер мен құралдардыжұмылдырды. Орталық аппаратта жедел штаб құрылды. Шымкент, Түркістан, Арысстанцияларында барлық қатысты қызмет пен билет кассалары күшейтілген жұмыс режимінекөшті. Акционерлік қоғамның барлыққызметкері тәулік бойы жұмыс істейді“,- дедіол

Департамент директоры ел бойынша пойыз жүружолында және қатысты станцияларда пойызданкешіккен, қалып қойған жолаушылар үшінжергілікті органдармен бірге тегін су мен тамақұйымдастырылғанын айтты

Түркістан, Қызылорда облыстары жәнеАлматы қаласының әкімдігімен бірлесе  “Шымкент-АрысТеміручаскесінде пойызқозғалыстарының тоқтауына байланыстыжолаушыларды жету станциясына дейінтасымалдауға көліктерұйымдастырылдыБатыс ҚазақстаннанАлматыға бет алған жолаушыларды Түркістанқаласына дейін, әрі қарай автобусқаотырғызылып, Шымкент станциясына дейінтасымалданды. Содан кейінжолаушылар Алматы қаласына бара жатқанқұрамдарға отырғызылды. Осындай әдіспенбатыс өңірлерден Алматы станциясына бағыталған жолаушылар тасымалданды. Бұдан бөлек, пойыздардың бір бөлігі балама маршрутпенЖезқазған-Жарықарқылы 13 пойыз қозғалды“,- деді Сұлтанов.

Ол жоғарыда аталған іс-әрекеттерден соң Арысстанциясында қозғалыс тоқтағаннан кейін 11 мыңнан астам жолаушы, оның ішінде 2 мыңжолаушы автокөлікпен тасымалданғанын айтты

“Шымкент-АрысТүркістан учаскесінде қозғалысашылғанға дейін және бүгіннен бастап кестедекөрсетілген 10 пойыз  Түркістан мен Шымкент станциясына жетпей  Жезқазған-Сексеуілучаскесі арқылы бағыт алатын болады“,- дедідепартамент өкілі.

Ол осы жағдайға байланысты БАҚ өкілдеріненөзгертілген пойыз кестесі туралы ақпараттытаратуды сұрады.

Ақпарат станция, жөнелту пунктілері мен пойыз маршруттарында таратылды. Жолаушысапардан бас тартқан жағдайда билет құнытолықтай қайтарылады. Ұлттықтасымалдаушы осы жағдайға түсіністікпенқарауды сұрайды және пойыз кестесінің өзгеруітуралы ақпаратты бірыңғай анықтамақызметі 105  телефонына хабарласып білудісұрайды“, – деп сөзін түйіндеді Сұлтанов.

Назерке АБИБУЛЛА