Салық бойынша қарызды өтеу үшін 13 күн қалды

Салық бойынша қарызды өтеуге 13 күн қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Салық рақымшылығы бойынша бюджетке негізгі борышты төлеген жеке тұлғалардың 601 313 өсімпұлы есептен шығарылды, олар жыл басынан бастап 13,517 млрд теңге мөлшеріндегі сомасын төлеп, 2,482 млрд теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылды», делінген хабарламада. Комиеттің мәоліметінше, өңірлер тұрғысынан өсімпұлы ең көп Алматы қаласы – 99 021 жекке тұлға, Түркістан облысы – 71 163 ЖТ, Шымкент қаласы – 47 867 ЖТ және Нұр -сұлтан қаласы 46 194 ЖТ. Ең аз жеке тұлғалардың Атырау облысы – 16 413, Қызылорда облысы – 15 823 және ШҚО – 13 439 ЖТ. Өсімақының ең көп сомасы Алматы қаласы бойынша – 1041,2 млн теңге, Павлодар облысы бойынша – 179,9 млн теңге, Нұр-сұлтан 168,7 млн тг Алматы облысы бойынша – 151,7 млн теңге есептен шығарылды. Ең аз өсім сомасы Ақтөбе облысы бойынша – 45,4 млн теңге, Жамбыл облысы бойынша – 38,7 млн, Қостанай облысы – 39,3 млн теңге, ШҚО – 36,7 млн теңге есептелінді. Естеріңізге сала кетейік, жыл аяғына дейін салық бойынша берешекті төлеу қажет.