Тасмағамбетов пен Сағынтаев Алматыдағы көшенің ашылуында кездесті

Бүгін, тоғызыншы шілде күні Алматыда бұған дейін Садовая деп аталған көшенің салтанатты түрде ашылуы болып өтті. “Мамыр” ықшам ауданындағы көшеге енді башқұртстандық және кеңестік ақын, жазушы әрі драматург Мұстай Кәрімнің есімі берілді. Оның ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тастмағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын аса маңызды оқиғамен құттықтады.

“Енді Мұстай Кәрімнің есімі біздің елдің мәдениет тарихына мәңгіге жазылды. Бұл бауырлас башкириялық халықтың жарқын өкілі мен оның аса бай мұрасы мен әдеби шеберлігіне деген құрмет болып табылады.

Бүгін Алматыда өткен шара Қазақстан мен Ресейдің, Башқұртстан мен Алматының арасындағы халықаралық қатынастардың дамуына үлкен серпіліс беретініне сенімдімін” , – деді Сағынтаев.

 

Башқұртстан Респуликасының үкімет аппаратына қарасты мәдениет, мұрағат істері мен конгресстік шараларды өткізу бөлімінің жетекшісі Энже Вернигора Қазақстан Республикасының үкіметіне алғыс білдірді.

“Бүгінгі ісшара башқұрт халқы үшін ғана емес, қазақстандықтар үшін де аса маңызды болса керек. Біз үшін Башқұртстан ақынының бұл мерейтойы басқа бұрынғы кеңестік елдерде тойланып жатқаны қуантады.

Әрине Қазақстан Республикасының үкіметіне, елшілігіне, Алматы қаласының әкіміне алғыс білдіреміз. Мұндай салтанатты шараның ұйымдастырылуы бізді шынымен де қатты қуантты” , – деді Вернигора.

Мұстай Кәрімнің немересі Темірболат Кәрімовтың айтуынша, атасының қазақстандық достары көп болған.

Олардың қатарында Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов және тағы да басқалары бар.

“Бұл жылбіздің отабсымыз бен барша Башқұртстан үшін аса ерекше. Бұл Мұстай Кәрімнің жүз жылдығы. Бүгінгі қуанышты күн біздің үлкен бақытымызды одан бетер еселей түсті.

Мұстай Кәрім Қазақстанды жақсы көрді. Алматыға келгенді жақсы көрді. Бұл жерде оның көптеген достарытанымал ақынжазушылар тұрды.

Оларды аса берік бауырлас байланыс, өмірге деген көзқарас пен оқырман алдындағы жауапкершілікті сезіну байланыстырды. Бүгін ақынның рухы бізбен бірге. Ол бұл әсем, керемет әрі рухани қалаға келуді жақсы көретін еді” , – деді Кәрімов.

Мұстай Кәрім – танымал башкириялық ақын-жазушы әрі драматург. Ол 1919 жылы 20 қазанда Башкириялық Автономды СКР-де дүниеге келді. Ол “Біздің үйдің қуанышы” повесін, “Көктем дауысы”, “Өзендер сөйлейді”, “Алыста қалған жағалар”, “Жылдар ізімен” атты туындыларымен танылған. Ақынның құметіне Мәскеу мен Уфа қаласында көше ашылды.