Тоқаев медицина қызметкерлеріне сыйақы тағайындауға уәде берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық індет кезінде еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

“Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды”, деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.