Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды

Қазақстан президенті ҚасымЖомарт ТоқаевҰлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Президенттің қаулысы Ақорда сайтындажарияланды.

Тоқаев президент әкімшілігіне бір айдың ішіндесаяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардыңкөшбасшыларымен, азаматтық секторөкілдерімен кеңестің жұмысы жайлы талқылауөткізуді тапсырды.

Президент әкімшілігі талқылау қорытындысыбойынша Тоқаевтың қарауына кеңестің құрамымен ережесін ұсынуы тиіс.

9 маусымдағы сайлауда 70,96 пайыз дауыспенжеңіске жеткен Тоқаев 12 маусымда инаугурациякезінде елде қоғамдық сенім кеңесінқұрылатынын және оның алғашқы отырыс тамызайында өтетінін айтқан. Тоқаев Ұлттық қоғамдықсенім кеңесіне барлық бірлестік өкілдері менжастар енетінін мәлімдеген.

9 маусымда Қазақстан президенті сайлауы күніАлматыда жүздеген адам билікке қарсынаразылыққа шықты. Осы күні полиция Алматы, НұрСұлтан, Шымкент, Ақтөбеде жүздегенадамды ұстаған. 10 маусымда да полицияАлматы мен НұрСұлтанда жүздеген адамдыұстап әкетті.

Қазақстан билігі ұсталғандардың көбізаңсызмитингіге шыққандардеп санайды. Бұл елдетұрғындар кез келген бейбіт митингұйымдастыру үшін биліктен рұқсат алу керек.

Қазақстан бас прокуратурасының хабарлауынша, НұрСұлтан мен Алматыдарұқсат етілмегенмитингігеқатысқаны үшін 957 адам әкімшілікжауапқа тартылған.

Құқық қорғаушылар билік ұсталғандар санынтым азайтып көрсетті“, ұсталғандардыңәкімшілік жауапқа тартылғаны және қай жердеқамауда отырғаны туралы туыстарынахабарламады деп мәлімдеді.