Түркістан облысының түлегі ҰБТ-да 140 балл алды

Ұлттық бірыңғай тестілеуден Түркістан облысының түлегі ең жоғары балл алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаевқа сілтеме жасап.

“24 маусымнан бері бізде ең жоғары балл тіркелді – 140 балл. Ол Түркістан облысы Сарыағаш мектебінің түлегі Жубай Қасымжан”, – деп хабарлады Әділет Тойбаев.

Айта кетейік, ҰБТ-ның бірінші күні 3 500 түлек межеден аса алмаған. 20 маусымда Қазақстанда ҰБТ басталды. ҰБТ 20-30 маусым арасында өтеді. Биыл тестілеуге 117 242 адам қатысады.

 

kaz.tengrinews.kz