ҮКІМЕТ ЖАСТАРҒА КӘСІП БЕРУ КЕРЕК

Біз, Экологиялық альянс, Үкіметке жаңа экономикалық стратегияны ұсынамыз. Кешегі Президенттің сөзінен түсінгеніміздей, енді әлеуметтік салаға көп көңіл бөлінеді, бұл өте дұрыс. Алайда бұл бюджеттің шығын жағы екенін естен шығаруға болмайды. Бүгінде біз мұнай-газдан түскен қаражатты жұмсап отырмыз. Ал ЕББР-дың болжамына сәйкес, болашақта мұнай-газ таусылып, орнына баламалы энергия көздері қолданылады екен. Яғни, осы қара алтынды пайдалануға өте аз уақыт қалыпты.

Сондықтан да келешігімізге сенімді болу үшін жаңа Үкімет нақты экономикаға көңіл бөлуі қажет. Оның ішінде әсіресе шағын-орта кәсіпкерлікке бет бұрған дұрыс. Осы тараптан біз жаңа экономикалық стратегияны ұсынамыз. Оған сәйкес:
1. Кәсіпкерлерге еркіндікті қамтамасыз ету;
2. Тікелей шағын-орта кәсіпкерлікті қаржыландыру;
3. Ішкі өндірісті қолдау (тамақ өнімін ішкі нарықта өндіру);
4. Білім беру саласын трансформациядан өткізу қажет. Кәсіпкерліккке, көшбасшылыққа жастарды тәрбиелеу. Жастарға кәсіп ашуға жер мен пайысыз қаражат бөліп беру қажет;

Бұл тізілген тезистерді іске асырсақ қана жалпы кәсіпкерлікті дамуына жол аша аламыз.

Азаматхан Амиртай