Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын…

Дана халқымыз ‘Ер туған жерінде, ит тойған жерінде’ деп бекер айтпаған ғой. Жақында Президентіміз ауысып қазақ елінде саяси өзгеріс болды. Енді алда маңызды шара үлкен сайлау тұр. Барша қазақ халқы елге көсем болар, Қазақстанды өркениетке алып шығар, ұлтшыл, халқының, ұлтының қамын ойлайтын Президент керектігін айтып, үлкен толғанысқа түсіп, аса зор жауапты таңдау алдында тұр. Алайда мені алаңдатып отырған бір жәй бар. Жайшылықта Қазақстан отанымыз деп сайрайтын өзге этностар тарапынан селт етіп жатқан ешкімді байқамадым. Қазақстанның болашағы үшін шырылдап жатқан қазақтан басқа ұлтты көзім шалмады. Сонда әлгі ассамблея деген қырт ұйым тек елдімекеннің атын ауыстырғанда соны қолдаймыз деп жалаулатуға, мейрамдарда билеп, ән айтуға ғана керек болғаны ма? Шынымен ит тойған жерінде деген осы – ау. Одан қалды ‘Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын’ деп көрегендік айтқан менің бабаларым неткен дана еді.

(Бейбіт  Оспанның Фейсбуктағы  парақшасынан)