Жазғы лагерлерде демалу құны қанша?

Биыл 1-10 сынып аралығында 145 499 оқушы елордадағы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерлерде уақытын қызықты әрі пайдалы өткізе алады.

Білім басқарармасының мәліметінше, қалыптасқан дәстүр бойынша қала сыртындағы «Арман», шатырлы «Батыр» және киіз үйлі «Тұлпар» лагерлері өз есіктерін ашады. Сонымен қатар, 1-4 сынып балалары үшін қаладағы 77 мектептегі лагерлер қызмет етеді, бұл жерде тамақтандыру үшін күнделікті төлем 700 теңге болды.

«Ал 5-6 сынып оқушылары мектеп жанындағы спорттық-ойын алаңдарында уақытын қызықты өткізсе, 8-10 сыныптағылар «Айбынды маусым» әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаға қатысады. Мұнымен қоса, қаладағы Оқушылар сарайында «Балалықтың бойтұмары» және «Шығармашылықтың жазғы мектебі» атты демалыс шаралары ұйымдастырылады», – делінген Елорда Инфо мәліметінде.

Оның бағдарламасына суда жүзуге үйрету, лингвистика сабақтары, театрлық студия және басқа да дағдыларға екпін қойылады. Ақысыз жазғы демалыспен мына топтар қамтамасыз етіледі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік алуға құқы бар отбасылардың балалары; күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасынан жан басына шаққандағы табысы төменірек болған атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын отбасылардың балалары; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар.

Осы орайда баланы тегін жазғы демалыспен қамту үшін мектепке мына құжаттарды ұсыну керек: жазбаша өтінім; қызмет алушының жеке куәлігінің көшірмесі;  баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; оқушының медициналық анықтамасы.

Қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінің біріне жолдама алу бойынша ата-аналар барлық сауалдарын +7 771 118 88 84 телефон нөмірі бойынша біле алады. Ал Оқушылар сарайы жанындағы жазғы лагерлер туралы мына телефон нөмірлеріне хабарласып, сұрауға болады: 70-12-55, 70-12-76, 70-12-21

inform.kz