Димаштың Гонконгтағы жеке концертіне билеттер сатыла бастады

116
2023 жылғы 23 желтоқсанда Гонконгта Stranger әлемдік туры аясында Димаштың жаңа жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің жеке сайты концертке билеттердің қай күні сатылымға шығатынын хабарлады.

Билеттер 2023 жылдың 20 қарашасында (дүйсенбі) Бейжің уақыты бойынша сағат 14.00-де ашық сатылымға шығады.